1-7-сынып оқушыларына арналған зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының «Зерде» облыстық конкурсының

1-7-сынып оқушыларына арналған зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының «Зерде» облыстық конкурсының

ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережесі

1. Осы Ереже Жас зерттеушілер жұмыстары мен шығармашылық жобалары «Зерде» облыстық конкурсының (бұдан әрі – конкурс) мақсаты мен міндеттерін, ұйымдастыру мен өткізу тәртібін, қаржыландыруды, қатысушыларды және жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтайды.

2. Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы және өңірлік ғылыми-практикалық орталығы (бұдан әрі - ШҚ ӨҒПО «Дарын») ұйымдастырушылары болып табылады.

3. Байқаудың басты мақсаты - балалардың танымдық қызығушылықтары және интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін ынталандыру.

4. Байқаудың басты міндеттері:

- оқушылардың интеллектуалдық шығармашылығын мектеп жасынан дамыту, бала кезінен ғылыми ізденіс жұмыстарына қызығушылығын ояту;

- ғылыми-техникалық және интеллектуалдық шығармашылық саласында қабілетті және дарынды балаларды айқындау, оларға қолдау көрсету;

- оқушылардың жоғары жетістіктерін, білім беру ұйымдарының оқу және ғылыми-ізденістегі жұмыс тәжірибесін, өзара қарым-қатынасын ұйымдастыруды насихаттау және таныту;

- педагогикалық кадрлардың кәсіби шеберлігін жетілдіру;

- қоғамның интеллектуалдық әлеуетін дамыту мәселесіне көпшіліктің назарын аудару.

 

2. Конкурстың қатысушылары

 

5. Конкурсқа жас зерттеушілер – 1-7-сынып оқушылары жеке, сондай-ақ командалық құрамда қатыса алады (2 қатысушыдан аспау керек).

3. Конкурсты ұйымдастыру мен өткізу тәртібі

6. Байқау 3 кезеңнен тұрады:

- бірінші кезең – мектепаралық, білім беру мекемелерінде.

- екінші кезең – облыстық;

- үшінші (қорытынды) кезең – республикалық.

7. Жұмысты қорғаған кезде авторға 10-15 минут уақыт беріледі.

8. Конкурсқа қатысу үшін қалалық/аудандық бөлім бастықтарының және облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептердің директорларының қолымен куәландырылған сұраныс берулері керек.

9. Облыстық кезеңге әрбір секция бойынша әрбір қалалардан (аудандардан) 2 - (1 қазақ, 1 орыс тілінде); облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерден бір үздік жұмыстан ұсынылады.

10. Конкурсқа ұсынылған жұмыстарға түсініктеме берілмейді және қайтарылмайды.

11. Оқушылардың зерттеу жұмыстары келесі секциялар бойынша қабылданады:

- қазақ тілі мен әдебиеті;

- орыс тілі мен әдебиеті;

- информатика, математика;

- физика, техника;

- психология, медицина;

- тарих, өлкетану, этномәдениеттану;

- биология, химия, валеология;

- география, экология.

12. Жеңімпаздарды қазылар алқасы анықтайды

13. Конкурстың қорытындысы ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығының сайтына орналастырылады: (www.shygysdaryny.kz.).

 

4. Конкурсқа ұсынылатын зерттеу жұмысына

қойылатын талаптар

 

14. Әрбір бағыт бойынша зерттеу жұмыстары теориялық, эксперименттік, көркем және қиял-ғажайып түрлерінде жоспарлануы мүмкін. Зерттеу жұмыстары қазақ немесе орыс тілдерінде таныстырылады. Жұмыс көлемі 20 беттен аспауы керек. Беттердің нөмірлері белгіленіп, берілген аралықта жазылуы тиіс.

15. Зерттеу жұмысында жетекшінің пікірі, маманның рецензиясы, зерттеушінің таңдаған тақырыбына қосқан жаңалықтары, жетістіктері мен кемшіліктеріне шолу болуы керек.

16. Жұмысқа қойылатын талаптар:

1) жұмыс мәтіні толық компьютерде басылып шығуы тиіс (WORD; 14 шрифт; 1,5 интервал; сол жақтан - 2 см жол қалдыру):

- бастапқы бет;

- шолу;

- резюме (аннотация) – қазақ және орыс тілдерінде жұмыстың негізгі бөлімінің қысқаша мазмұндамасы (жұмыстың қай тілде жазылуына байланысты);

- кіріспе – жұмыстың өзектілігі және тақырыптың таңдалуы, мақсаты мен міндеттері, жұмыстың өткізілген жерін көрсетеді;

- негізгі бөлім: зерттеу материалы мен әдістері, эксперименттік бөлімі, жұмыс нәтижелері және оларды талқылау.

- әдебиеттерге (отандық және шетелдік) шолу, зерттеу проблемасына әсері;

- қорытынды (нәтижелер мен ұсыныстар);

- пайдаланылған әдебиеттер тізімі;

2) бастапқы бетте қөрсетіледі:

- жұмыс орындалған ұйымның толық аты;

- жұмыстың тақырыбы;

- бағыты;

- орындаушы (аты-жөні, сыныбы, мектебі, облысы, қаласы, ауданы);

- жұмыстың жетекшісі (аты-жөні, ғылыми дәрежесі, қызметі, жұмыс орны);

-жұмыстың орындалған уақыты.

17. Конкурстың қорытынды кезеңінде қатысушылардың өз зерттеу жұмыстары мен ғылыми жобаларын қорғау үшін көрнекі-құралдары, сызбалары, суреттері не макеттері болу керек.

18. Конкурс  жұмыстары мынадай ерекшеліктермен бағаланады:

- өзіндік даралық;

- шығармашылық ізденіс;

- берілген сұрақтарға жауаптардың толық болуы;

- мәселелердің терең талқылануы.

 

5. Қорытындылау және жеңімпаздарды марапаттау

 

19. Жеңімпаздар дипломдар марапатталады

20. Конкурстың қорытындысы бойынша үздік жұмыстар 1-7-сынып оқушыларына арналған зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының «Зерде» республикалық кезеңіне жіберіледі.

 

6. Қаржыландыру

 

21. Іс-шараны қаржыландыру бекітілген сметаға сәйкес жүзеге асырылады.

22. Облыстық конкурсқа қатысушылардың мен жетекшілердің іссапар шығындары (екі жаққа жол шығыны) жіберуші білім мекемелерінің есебінен төленеді.