Орта білім беру мекемелерінің психологтарына арналған «Ең үздік жыл психологы» республикалық конкурсын ұйымдастыру және өткізу ережесі

Орта білім беру мекемелерінің психологтарына арналған

«Ең үздік жыл психологы» республикалық конкурсын ұйымдастыру және

өткізу ережесі

 

I. Жалпы ережелер

 

1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңына», Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес әзірленді.

2. Конкурсты «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы өткізеді.

Конкурстың басты мақсаты талантты, шығармашылықпен жұмыс істейтін, өз кәсіптік біліктілігін көрсете алатын психологтарды анықтау, қолдау және мадақтау (ынталандыру) болып табылады.

Конкурстың міндеттері:

1) психологтардың инновациялық тәжірибесі жөнінде банкін жинақтау;

2) үздік тәжірибелі психологтарды анықтау және жаңа буын әдістемелік материалдар базасын қалыптастыру;

3) психологтардың кәсіптік қарым-қатынас жасуына және шығармашылық жаңалықтармен, идеялар мен тәжірибемен алмасуына жағдай жасау;

4) қатысушылардың кәсіптік шеберлігінің өсуіне ықпал ету, кәсіптік психологиялық білімнің маңыздылығын арттыру және отандық психология ғылымындағы тәжірибелік психология қызметінің мәртебесін көтеру.

 

II. Конкурсқа қатысушылар

 

5.Конкурс үш категория бойынша өткізіледі:

I категория – 3 жылға дейін еңбек өтілі бар психологтар.

Конкурстық тапсырманы орындау барысында психологтар жан-жақты кәсіптік деңгейін, жалпымәдени және интеллектуалдық дамуын, көпшілік қауым алдында сөз сөйлеу мәдениетін көрсетеді.

II категория - 3-7 жыл еңбек өтілі бар психологтар.

Кәсіби шеберлігін (ата-аналар, педагогтар, балалар мен жұмыс істеу қабілеті), білім алу процесіндегі проблемалық жағдаяттарды шешу, психологиядан теориялық білімін, жалпы жан-жақтылығы мен мәдениетін көрсетуге бағытталған тапсырмалар қарастырылған.

III категория - 7 жылдан астам еңбек өтілі бар психологтар.

Бұл санатқа қатысушылар кәсіби шеберлігінің практикалық деңгейін, білім беру мазмұнын игеру, әдістемелік дайындығын, өз іс-әрекетін жобалау, инновациялық технологияларды меңгеру деңгейін көрсетеді.

 

III. Конкурстың мазмұны және кезеңдері

 

6. Конкурс 2 кезеңде өткізіледі:

I кезеңоблыстық, Өскемен қаласының аймақтық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы 10 қазан айының аралығында өткізеді. Жеңімпаздар ҚР БҒМ-нің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығында 10-12 қараша айында өтетін қартынды кезеңге жолдама алады.

II кезеңқорытынды, ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы а.ж. қараша айының екінші он күндігінде өткізеді.

7. Облыстық кезең 4 тур бойынша өткізіледі (Бағалау өлшемдері Қосымша 1).

7.1.Үш жылға дейін еңбек өтілі бар психологтарға арналған тапсырмалар.

1 тур. Берілген тақырыптардың біреуіне эссе жазу«Мен және менің мамандығым», «Психология – болашақтың мамандығы», «Психолог және Мен», «Менің кәсіби ұстанымым». Эссенің жалпы  көлемі 1,5-2 бет, WORD, 14 қаріп, Times New Roman. Қатысушылар эссенің қағаз түріндегі нұсқасын конкурсқа алып келеді.

2 тур. «Өзін-өзін таныстыру»

Қатысушылар өздерінің көшбасшылық қабілетін, креативтілігін, пайдалана отырып, өздерін түрлі формада таныстырады.

3 тур. Өзі таңдап алған авторлық бағдарламаның тұсаукесері.

4 тур. Психологиялық тест тапсырмалары.

7.2. 3-7 жыл еңбек өтілі бар психологтарға арналған тапсырмалар.

1 тур. Берілген тақырыптардың біреуіне эссе жазу«Мен және менің мамандығым», «Психология – болашақтың мамандығы», «Психолог және Мен», «Менің кәсіби ұстанымым». Эссенің жалпы  көлемі 1,5-2 бет, WORD, 14 қаріп, Times New Roman. Қатысушылар эссенің қағаз түріндегі нұсқасын конкурсқа алып келеді.

2 тур. «Өзін-өзін таныстыру»

Қатысушылар өздерінің көшбасшылық қабілетін, креативтілігін, пайдалана отырып, өздерін түрлі формада таныстырады.

3 тур.Практикалық тур.Психологиядан элективті курс бағдарламасы немесе түзету - дамыту авторлық бағдарламасының тұсаукесері (видеоролик, слайд пайдалануға болады).

4 тур.Психологиялық-педагогикалық жағдаяттарды шешу.

7.3. 7 жылдан астам еңбек өтілі бар психологтарға арналған тапсырмалар.

1 тур. Берілген тақырыптардың біреуіне эссе жазу«Мен және менің мамандығым», «Психология – болашақтың мамандығы», «Психолог және Мен», «Менің кәсіби ұстанымым». Эссенің жалпы көлемі 1,5-2 бет, WORD, 14 қаріп, Times New Roman. Қатысушылар эссенің қағаз түріндегі нұсқасын конкурсқа алып келеді.

2 тур.Психолог портфолиосының тұсаукесері.

Портфолиода 3 жұмыстан артық болмау керек.

3 тур. Тәжірибелік іс-шара (дамыту-түзету тапсырмалары, шебер-класс, психологиялық тренинг) білім алу процесінің кез-келген қатысушыларымен (оқушылар, педагогтар, өз мектебінің 5-7 өкілдерімен) өткізеді.

4 тур. Психологиялық-педагогикалық жағдаяттарды шешу.

 

IV. Конкурсты ұйымдастыру

 

8. Конкурсты дайындау және өткізу үшін ұйымдастыру комитеті құрылады. Қазылар алқасының құрамын ұйымдастыру комитеті бекітеді.

9. Ұйымдастыру комитеті облыстық Конкурсты дайындап өткізу, бағдарламасын дайындау, қатысушылардың тізімін жасауға басшылық етеді, қазылар алқасының құрамын тағайындайды, конкурстың қорытындысын шығарып, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттайды.

 

V. Конкурсты қорытындылау

 

10. Конкурстың қорытындысы бойынша қазылар алқасы категориялары і бойынша конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтайды.

11. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ШҚО білім басқармасының дипломдарымен және грамоталарымен марапатталады. Үздік жұмыстар «Дарын» ғылыми-әдістемелік жинақта жарияланады.

 

VII. Конкурсты қаржыландыру

 

12. Ісшараны қаржыландыру бекітілген сметаға сәйкес жүзеге асырылады.

13. Қатысушылардың іссапар шығындары (жол ақысы, тамақтану, жатын орны), ұйымдастыру жарнасы жіберуші білім мекемелерінің есебінен төленеді.

 

 

Қосымша 1

 

I категория қатысушылары үшін бағалау өлшемдері

 

1. Эссе тақырыптары:

«Мен және менің мамандығым», «Психология – болашақтың мамандығы», «Психолог және Мен», «Менің кәсіби ұстанымым».

 Бағалау өлшемдері:

- ғылыми бағыттылығы және өзектілігі;

- мазмұны, тұтастылығы, бірегейлігі;

- тіл мәдениетінің көркемдігі,

- қол жетімділігі, креативтілігі, қажеттілігі.

 

2. «Өзін-өзін таныстыру»

Бағалау өлшемдері:

- психологияның мазмұнын, әдістемелерін игеруі,

- сахналық шеберлігі;

- креативтілігі;

- кәсіби шеберлігі.

Орындау уақыты – 5-7 минут.

3. Өзі таңдап алынған авторлық бағдарламаның тұсаукесері.

Бағалау өлшемдері:

- тақырыптың өзектілігі;

- таңдап алынған тақырыптың мазмұндылығы;

- кәсіби жан-жақтылығы;

- шығармашылық қабілеті, креативтілігі.

Орындау уақыты 5минут.

 

4.Психологиялық тест тапсырмалары.

 

Барлық дұрыс жауаптар есептеледі

 

II категория қатысушылары үшін бағалау өлшемдері

 

1. Эссе тақырыптары:

«Мен және менің мамандығым», «Психология – болашақтың мамандығы», «Психолог және Мен», «Менің кәсіби ұстанымым».

Бағалау өлшемдері:

- ғылыми бағыттылығы және өзектілігі;

- мазмұны, тұтастылығы, бірегейлігі;

- тіл мәдениетінің көркемдігі,

- қол жетімділігі, креативтілігі, қажеттілігі.

 

2. «Өзін-өзін таныстыру»

Бағалау өлшемдері:

- психологияның мазмұнын, әдістемелерін игеруі,

- сахналық шеберлігі;

- креативтілігі;

- кәсіптік шеберлігі.

Орындау уақыты – 5-7 минут.

 

3. Психологиядан элективті курс бағдарламасы немесе түзету - дамыту авторлық бағдарламасының тұсаукесері(видеоролик, слайдты пайдалану).

Бағалау өлшемдері:

- бағдарламаның өзектілігі;

- тапсырмалардың бағдарлама мақсатына сәйкестігі;

- жаттығулар мен тапсырмалар кешенін таңдауда ғылыми негізі;

- бағдарламаның тиімділігі.

Орындау уақыты –7-10 минут.

 

4. Психологиялық-педагогикалық жағдаяттарды шешу.

Бағалау өлшемдері:

- жағдаяттарды конструктивті шешу;

- жауаптың дәлдігі, орындылығы;

- сендіру қабілеті.

Орындау уақыты –3-4 минут.

 

III категория қатысушылары үшін бағалау өлшемдері

 

1. Эссе тақырыптары:

«Мен және менің мамандығым», «Психология – болашақтың мамандығы», «Психолог және Мен», «Менің кәсіби ұстанымым».

Бағалау өлшемдері:

- ғылыми бағыттылығы және өзектілігі;

- мазмұны, тұтастылығы, бірегейлігі;

- тіл мәдениетінің көркемдігі;

- қол жетімділігі, креативтілігі, қажеттілігі.

 

2. Психолог портфолиосының тұсаукесері

Бағалау өлшемдері:

- ұсынылып отырған оқу-әдістемелік материалдың өзектілігі;

- материал мазмұнының іске  асыру деңгейі;

- заманауи ақпараттық-кәсіптік технологияларды пайдалану деңгейі;

- ұсынылған материалдардың нәтижелері мониторингі.

Орындау уақыты – 10 минут.

 

3. Тәжірибелік іс-шара (дамыту-түзету тапсырмалары, шебер-класс, психологиялық тренинг) білім алу процесінің кез-келген қатысушыларымен (оқушылар, педагогтар, педагог-психологтар).

Бағалау өлшемдері:

- педагогтың жалпы мәдениеті;

- тиімді психологиялық жағдай туғызу;

- психологтың пәндік-кәсіптік құзыреттілігі.

Орындау уақыты –10 – 12 минут.

 

4. Психологиялық-педагогикалық жағдаяттарды шешу.

Бағалау өлшемдері:

- жағдаяттарды конструктивті шешу;

- жауаптың дәлдігі, орындылығы;

- сендіру қабілеті.

Орындау уақыты –3-4 минут.