Бастауыш сынып оқушыларының облыстық олимпиадасын өткізу ЕРЕЖЕСІ

Бастауыш сынып оқушыларының облыстық олимпиадасын өткізу

ЕРЕЖЕСІ

 

1.     Жалпы ережелер

 

Берілген ереже жалпы білім беретін пәндер бойынша бастауыш сынып оқушыларының облыстық олимпиадасын (келесіде – олимпиада) өткізудің тәртібін, мақсатын, міндеттерін анықтайды.

Олимпиаданың негізгі мақсаты мен міндеттері - ғылыми білімді насихаттау, оқушылардың интеллектуалдық дәрежесін жоғарлату, дарынды балалары анықтау мен дамыту үшін қажетті жағдай жасау болып табылады.

Олимпиаданың ұйымдастырушылары: Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы (келесіде – ШҚО ББ), Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы (келесіде – ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығы).

Олимпиаданың жұмыс тілі – қазақ және орыс тілдері.

 

2. Олимпиаданың өткізілу тәртібі, мерзімі мен орны

Олимпиада ІІІ кезеңде өткізіледі:

- бірінші кезең – мектепішілік –2012 жыл, наурыз;

- екінші кезең - аудандық (қалалық) 2012 жылдың 20 сәуіріне дейін;

- үшінші кезең - облыстық 2012 жыл 5 мамыр.

  Пәндер бойынша жеке айналым 6 пәннен өткізіледі (қазақ тілі, орыс тілі, ана тілі, математика, дүниетану, бейнелеу өнері). Жұмыс жазбаша орындалады. Орындау уақыты: 90 минут, бейнелеу өнері – 120 минут.

 

3. Олимпиаданың жұмысшы органы

    Олимпиаданы дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру жұмыстарын жүзеге асыру үшін ұйымдастыру комитеті құрылады.

Ұйымдастыру комитеті:

олимпиаданың жалпы өткізілу тәртібін анықтайды, тікелей басшылықты жүзеге асырады;

ғылыми-әдістемелік кеңесті қалыптастырады;

олимпиаданың қорытындысына талдау жүргізіп, қорытады;

Құрамына ғалымдар, тәжірибеші-мұғалімдер кіретін ғылыми-әдістемелік кеңес:

тапсырмалардың мазмұнын әзірлейді;

жұмыстарды бағалайтын критерийлерді анықтайды, олимпиада өткізілгенге дейін тапсырмалардың құпиялығына жауап береді;

жұмыстарды тексеруге қатысады;

жеңімпаздарды анықтап, ұйымдастыру комитетіне жүлделі орындарды беру үшін ұсыныстар жасайды.

 

4. Қатысушылардың құрамы

 

Олимпиадаға облысымыздағы жалпы білім беретін мектептердің және мамандандырылған білім беру мекемелерінің 4-сынып оқушылары қатысады.

Олимпиадаға Шығыс Қазақстан облысындағы қалалардың, аудандардың, мектептердің атынан командалар қатысады. Командалар аудандық, қалалық олимпиадалардың қорытындысы бойынша құрылады.

Команда құрамы оқыту тіліне байланысты 6 немесе 12  адамнан және 1 жетекшіден тұрады (әр пәнге 2 адамнан).

Команда құрамының барлық мүшелері олимпиадаға қатысу үшін берілген тапсырыста болулары керек.

 

5. Қатысушыларды тіркеу тәртібі

 

 Олимпиадаға қатысу үшін тапсырыстарды жазбаша түрде  ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығына 2012 жылдың 26 сәуіріне дейін 8 (7232) 75-84-59, 75-77-19 теле/факстарына жіберуге болады.

 

6. Қорытындыларды бағалау тәртібі

 

Облыстық олимпиаданың қорытындысы бойынша әр қатысушының қатысқан өз пәні бойынша жинаған ұпайына сәйкес орындар анықталады (жеке есепте), команда – жалпы есепте.

Жалпыкомандалық орын команда мүшелерінің жалпы жинаған ұпайлары бойынша анықталады.

 

7. Олимпиада жеңімпаздарын марапаттау

 

Әр оқу пәні бойынша 1-3 орын иеленген қатысушылар жеке есеп қорытындысы бойынша марапатталады. (1-орын-1, 2-орын-2, 3-орын-3).

 

8. Атрибутика

 

Олимпиадаға қатысуға тапсырыс берген әрбір команданың өз формасы, эмблемасы, командасының аты болуы керек.

 

9. Қаржыландыру

 

Олимпиаданың қаржыландырылуы Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми – практикалық «Дарын» орталығы құрылып, бекітілген шығындар сметасына  сәйкес жүзеге асырылады.

Олимпиадаға қатысушылардың жол ақысы бағыттаушы жақтың немесе демеушілердің есебінен өтеледі.