Облыстық «Жас шахматшы» турнирін өткізу ережелері
Мақсаты мен міндеттері
- Дарынды балаларды анықтау және қолдау;
- Қатысушылардың оқу-үйрену әрекеттеріне жағдай жасау
- Оқушылар арасында шахмат ойынын насихаттау;
- Жетістікке жетулерін айқындау;
- Республикалық турнирлер мен чемпионаттарға қатысу үшін облыстық құрама командасын анықтау.
Өтетін орны мен уақыты
Турнир 2012 жылдың 13-14 қазанында өтеді;
- Қатысушылардың келуі 12 қазан сағат 14.00-ден кейін. Қайту уақыты
14 қазан.
- Турнирдің салтанатты ашылуы 13 қазанда сағат 09.00-де;
- Сайыстың басталуы: сағат 13 қазанда 10.00-де;
- Өтетін орны: Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік техникалық университеті (Өскемен қ, Серікбаев көшесі, 19);
- төрешілер алқасы және мандат комиссиясы 12 қазанда сағат 18.00-де Өскемен қаласы, Амурская көшесі, 12/1 мекенжайындағы Жамбыл атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп гимназия интернатында болады
- Мандат комиссиясына келесі құжаттарды тапсыру керек:
1) Турнирге жіберу туралы білім мекемесі басшысының бұйрығы;
2) Білім мекемесі басшысының, медициналық қызметкерінің куәландырылған тапсырысы;
3) Жеке төл құжат (туу туралы куәлік), оқу орнынан қатысушының фотосы бар анықтама;
4) Көрсетілген құжаттар болмаған жағдайда команда жарысқа қатыстырылмайды.
Турнирдің қатысушылары және өткізілу тәртібі
- Турнир жас ерекшеліктеріне қарай үш топта өткізіледі;
Команда құрамы 6 оқушы жас ерекшеліктеріне қарай үш топ
2 ойыншыдан (1 ұл, 1қыз)
1 топ: 4-6 сыныптар (1 ұл, 1қыз)
2 топ: 7-8 сыныптар (1 ұл, 1қыз)
3 топ: 9-11 сыныптар (1 ұл, 1қыз)
- Турнирге қатысуға тапсырыстар 2012 жылдың 1-қазанына дейін 8/7232/ 701-344, 552-112 тел/факсінде қабылданады.
- Командаларда 3 жинақ шахмат және шахмат сағаттары болуы шарт.
Жеңімпаздарды анықтау
- Турнир ФИДЕ ережесі бойынша өткізіледі (щвейцарлық жүйе).
Турнирдің өтуіне басшылық жасау
- Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы және қосымша білім беру мен денешынықтыру орталығы турнирге жалпы басшылық жасауды жүзеге асырады.
Марапаттау
- Жеңімпаздар мен жүлдегерлер, I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталады;
- Облыстық турнирдің қорытындысы бойынша жеңімпаздар 3 жас ерекшелігіне қарай республикалық турнирге қатысады.
Қаржыландыру
- Турнирге қатысушылардың және жетекшілерінің іссапар шығындарын (барып-қайту, жол шығынына төленетін күндік ақша), іссапарға жіберуші мекемелері есебінен;
- Турнирдің ұйымдастыруына байланысты шығындар (дипломдар дайындау, төрешілердің еңбектерін төлеу, қатысушылардың тамақтануын, жатын орнын) ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығы бекітілген сметаға сәйкес төлейді.
Байланыс мәліметі мен мекен-жайы
Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы:
Өскемен қаласы, Қабанбай батыр көшесі 74, ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығы, тел/факс 8/7232/ 701-344, 552-112, Vk_daryn@mail.ru