Облыстық интеллектуалдық «Тұлпар» конкурсының ЕРЕЖЕСІ

Облыстық интеллектуалдық «Тұлпар» конкурсының

ЕРЕЖЕСІ

Жалпы ережелер

1. Ереже ШҚО білім беру мекемелерінің 3-10 сынып оқушыларына арналған облыстық «Тұлпар» интеллектуалды конкурсының (ары қарай - конкурс) мақсатын, міндетін, өткізілу тәртібін айқындайды.

2. Конкурстың негізгі мақсаттары мен міндеттері:

-       облыстық дарынды балаларды анықтау, қолдау;

-       оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеттерін ынталандыру;

-       мектеп оқушылары арасында интеллектуалды ойындарды, конкурстарды, жарыстарды, олимпиадаларды тарату;

-       табысқа жетуді уәждеу;

-       оқушылардың ғылыми жарыстарының, БҰТ шеңберіндегі тестілеуге дайындау.

3. Конкурстың ұйымдастырушысы Шығыс Қазақстан - өңірлік ғылыми – практикалық  «Дарын» орталығы (ары қарай – «Дарын» орталығы).

4. Конкурсқа қатысу ерікті, ақылы.

5. Конкурс келесі пәндер бойынша өткізіледі: 3-4 сынып оқушылары үшін: қазақ тілінде білім беретін мектептердегі орыс тілі, орыс тілінде білім беретін мектептердегі қазақ тілі; 5-10 сыныптардағы Қазақстан тарихы пәні.

6. Әр сыныпқа арналған тапсырмалар блогы 30 тестік тапсырмалардан тұрады.

Конкурстың  жұмысшы органдары

6. Конкурс жұмысын ұйымдастырып, өткізу жөніндегі жүзеге асыру мен үйлестіру үшін ұйымдастыру комитеті құрылады.

7. Ұйымдастыру комитетінің құрамына жоғарғы оқу орнының жетекші ғалымдары, ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығының қызметкерлері, жаңашыл мұғалімдер, шығармашылықпен жұмыс жасайтын педагогтар кіреді.

- конкурстың жалпы өткізілу тәртібін анықтайды;

- тікелей басшылық жасайды;

- тапсырманың мазмұнын әзірлейді;

- жұмысты бағалау критерилерін анықтайды, тапсырмалардың құпиялылығына жауап береді;

- жеңімпаздарды анықтайды;

- нәтижесіне сараптама жасап, таратады.

8. Конкурсты ұйымдастыру үшін өткізілетін орындарда үйлестірушілер тағайындалады. Үйлестірушілер әдіскерлер, тәжірибелі мұғалімдер және білім бөлімдерінің өкілдері болуы мүмкін.

Үйлестірушінің міндеті:

- конкурсты ұйымдастыру;

- конкурсқа қатысуға тапсырысты уақтылы беру;

- нұсқаулықта берілген барлық нұсқаулардың орындалуын қадағалау.

 

Конкурсқа қатысушылар

9.Облыстық конкурсқа ШҚО білім беру мекемелерінің 3-10 сынып оқушылары қатыса алады.

Конкурсты өткізу тәртібі

10.Конкурсқа қатысуға тапсырыстар белгіленген мерзімге 5 күн қалғанға дейін қабылданады.

11. Тапсырмалар блогын орындауға 90 минут уақыт бөлінеді.

12.Тапсырмалар салынған пакет үйлестіруші мен қатысушылардың көзінше белгіленген уақытта ашылады.

13. Бөлінген уақыт аяқталысымен үйлестіруші жауап бланкілерін жинап, конвертке салып желімдеп, ұйымдастыру комитетіне жібереді.

14. Ұйымдастыру комитеті жауап парағын тексеріп, әр қатысушының рейтингін  анықтайды.

15. Конкурс аяқталған соң ұйымдастыру комитеті жеңімпаздарды анықтайды.

Жеңімпаздарды марапаттау

16. Конкурс жеңімпаздары грамоталармен марапатталады және республикалық оқу-сауықтыру лагеріне жолдама беріледі.

Конкурсты қаржыландыру

17. Конкурсты ұйымдастыру және өткізу, тапсырмаларды, жауап бланктерін дайындау және көбейту, грамоталарды әзірлеу, көлік, пошта шығындары, жолдамалармен марапаттау ұйымдастырушылар мен демеушілер есебінен жүзеге асырылады.