
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР
Қазақстан Республикасыньтң білім және ғылым министрлігінің жұмыс жоспарына сәйкес жалпы білім беретін оқу орындарының 5-10 сыныпоқушыларының арасында 2014 жылғы 5 мамырдааудандықАбай, 6 мамырда аудандықМахамбет оқулары өткізілетінін Сіздердің назарларыңызға жеткіземіз.
Жас ұрпақты ұлы тұлғалардың асыл құндылықтары рухында тәрбиелеуге бағытталған игі шараларға барлық аудандық жалпы білім беретін мектептер оқу тіліне қарамастан бірде-бір мектептің тыс қалмауын қамтамасыз етулеріңізді сұраймыз.
Орыс тілінде білім алатын мектептерден қатысатын оқушы қазақтан басқа өзге ұлт өкілі болуы керек.
АудандықАбай оқулары үш бөлім бойынша өткізіледі:
- «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» - Абай мен Шәкәрім шығармаларын жатқа оқу конкурсы. Қатысушы өзі жатқа білетін шығармалардыңтізімін конкурс басталғанға дейін өткізуі қажет (ұлылардың шығармаларын көбірек жатқа білетін оқушыға жоғары баға қойылады);
-«Көңілім әнді ұғады» - Абай мен Шәкәрімніңәндері мен күйлерін орындау конкурсы;
-«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» - жас дарындар конкурсы (өз шығармаларын орындау: өлеңдер, әндер, музыкалық шығармалар).
Махамбет оқулары үш бөлім бойынша өткізіледі:
-«Мен - Өтемістің баласы Махамбет атты батырмын!» - Махамбет шығармаларын жатқа оқу конкурсы, (ақын шығармаларын көбірек жатқа білетін,мәнерлеп оқитын оқушыға жоғары баға қойылады);
- «¥лы арман»- Махамбеттің күйлерін орындаушылар конкурсы;
- «Тартынбай сөйлер асылмын...» - жас дарындар конкурсы (өз туындыларын орындау: өлеңдер, әндер, музыкалық шығармалар).
Әр бір номинация бойынша бір-бір оқушыдан қатысады: Абай оқулары -3 кандидатура; Махамбет оқулары - 3 кандидатура.
Алдыңғы жылдардағы облыстық жүлдегерлер (1, 2, 3 орын алған) 2014 жылғы өтетін аудандық оқуларға қатыса алмайды.
Абай және Махамбет оқуларының өткен жылғы Ережелерін негізге ала отырып, 2013 жылдың 25 сәуірге дейін тапсырыс төмендегі үлгі бойынша жіберулеріңізді сұраймыз.
№ |
мектеп |
жетекшінің толық дұрыс аты-жөндері |
номинациясы |
жаттаған шығарма саны |
орындайтын шығарма аты |
оқыту тілі |
мұғалімі аты-жөні |
|
|
|
|
|
|
|
|
«Зырян ауданының
білім беру бөлімі» ММ бастығы С. Винивитин
Орындаушы:
Кадырбаева М.А.
Тел: 6-29-69